Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада өрт оқиғасы орын алды


Бүгін Қызылорда қаласындағы Шұғыла мөлтек ауданы 51/а екі қабатты тұрғын үйдің ауласында орналасқан сарайдан (времянка) өрт шықты.
Жауапты сала мамандарының мәліметінше, сарайдың төбе жабыны мен шатыры толық өртеніп кеткен. Бөлме ішінде тұрмыстық заттар, ас үй жиһазы, тоңазытқыш, велосипед, 3 пластик терезе жанған. Сондай-ақ, өрт ішінен 27 литрлік 1 газ баллоны шығарылды.
- Өрт 11 сағат 03 минутта оқшауланып, 11:10 жойылды. Төтенше жағдайлар департаменті 15 қызметкер, 3 автокөлік, апаттар медициналық орталығынан 3 қызметкер 1 автокөлік жұмылдырылды,-дейді департаменттің ресми өкілі.
Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: