Шиелі аудандық сотында «Жаңа редакциядағы Азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолданудағы мәселелер» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілд Семинарға Шиелі аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
Шара барысында жаңа заң талаптары бойынша сот шешімін орындау, істі сот талқылауына дайындау, сот актілерінің апелляциялық шағымдануы мен наразылық келтіруі жайындағы сұрақтар талқыланды.
Сондай-ақ, семинарда судья Ә.Түбекбаева жаңа АПК-ның негізгі нормалары мен дауларды балама әдіспен шешу шараларын түсіндіріп, сот төрелегінің тұрақталуына ықпал ететін жаңа процессуалдық заңнамамен дауды Медиация тәртібі арқылы шешуге болатындығы жөнінде айтты.
Қорытындылай келе іс-шараға қатысушылар ҚР Азаматтық процестік кодексіне байланысты барлық сұрақтарына жауап берді.