Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Таксиде ұрланған телефон иесіне қайтарылды

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде. 
6 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағында тұрғылықты мекен – жайына қайту үшін такси автокөлігінде «Samsung А -32» үлгісіндегі  ұялы телефонын ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге ұялы телефоны қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: