Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция қызметкерлері күшейтілген жүйеде жұмыс жүргізеді

Полиция қызметкерлері күшейтілген жүйеде жұмыс жүргізедіОблыста ішкі істер органдарының күш-құралдарымен «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 
Аталмыш шара ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында қолға алынған. Ағымдағы жылдың тамыз айының 24-28 күндері аралығында облыс бойынша департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйеге көшірілмек. 
Облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: