Аудан бойынша 2015 жылы 445 мұғалім біліктілік арттырудың қысқа мерзімді курстарынан өтті. 2016 жылы 525 мұғалім (25 пайызы) кәсіби мамандықтары бойынша курстан өтуді сұрап отыр.
Курсқа сұраныстың көбеюінің басты себебі 2010–2015 жылдар аралығында оқыту технологиялары бойынша курстан өткендердің өздері де сұраныс берушілер қатарына қосылып отыр.
Деңгейлік курс бағдарламасы бойынша 2012–2015 жылдар аралығында 392 мұғалім (І – 61; ІІ – 60; ІІІ – 271) деңгейлік курстан, 21 мектеп директоры, 4 мектеп директорының орынбасары көшбасшылық курстардан өтті. 2016 жылы 49 мұғалім(І – 19; ІІ – 9; ІІІ – 21), 8 директор курстан өтеді деп жоспарланса, соның ішінде 14 – і қазіргі таңда деңгейлік курстан өтуде.
Қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарынан 255 мұғалім үстіміздегі жылдың қаңтар – наурыз айлары аралығында өткізілсе, қазіргі таңда 12 жылдық білім беруге көшу бағытындағы жаңаша мазмұндағы оқыту бағдарламасы бойынша бастауыш сынып, эстетикалық пәндер бойынша жоспарлы тұрғыда мұғалімдер курстан өтуде.