Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жекешелендірудің екінші толқыны жалғасады

Қызылордада жекешелендірудің екінші толқыны жалғасадыЖекешелендірудің екінші толқыны аясында  «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы  31 наурыздағы №280 қаулысына сәйкес облыс бойынша жекешелендірілетін коммуналдық меншіктің 6 кәсіпорны және «Байқоңыр» (Байконур) ҰҚ» акционерлік қоғамының 11 еншілес компаниясы анықталды. Бұл жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев журналистерге мәлім етті. 
2014 жылы бекітілген кестеге сәйкес Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы кәсіпорнын сату жоспарланған. Алайда, сатылатын объектіге сұраныстың болмауына байланысты 2014 жылдың 3 және 23 желтоқсанында өткізілген электрондық коммерциялық тендерлер өткізілмеген болып танылды. Объектіні үшінші рет ағымдағы жылдың наурыз айында сауда-саттыққа (коммерциялық тендер) шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2014 жылы «Байқоңыр (Байконур) ҰҚ» ӘКК» акционерлік қоғамының  жоспарланған 5 ұйымының 4-уі - «Шөгірлі сүт» ЖШС,  «Қызылорда балық»  ЖШС, «Қаратерең Балық» ЖШС, «Бөген сервистік дайындау орталығы» ЖШС бәсекелестік ортаға берілді. Ал, «Қызылорда құс фабрикасы» ЖШС электрондық сауда-саттыққа қойылды. Қорытындысы үстіміздегі жылдың 4 наурызында шығатын болады.
2015 жылы коммуналдық меншіктің 1 объектісін - «Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы» кәсіпорнын жекешелендіру көзделген. Сату мерзімі қыркүйек айы.
Сондай-ақ, «Байқоңыр (Байконур) ҰҚ» ӘКК» акционерлік қоғамының  еншілес ұйымдарынан «Жаңақорған» шипажайы» ЖШС бәсекелестік ортаға берілетін болады (желтоқсан айы).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: