Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүйесіз сөз иесін табады...

Жүйесіз сөз иесін табады...Алланың бала деген сыйымен сүйіншіленетін орнымыз перзентхана ғой. Бойымда бұрын-соңды бастан өткермеген ерекше мейірім тасып, алғаш ана атанған кезім. Бір бөлмеде баласын құшақтаған үш ана жатырмыз. Сонда бір келіншек жаңа туған нәрестесін: «Уй, шөшқа! Уй, шөшқа» – деп, жақсы көргенінен еркелетіп болар емес. Оған қарап аң-таң күйдемін…
Енді бір туысымыз: «Жынды осы! Осы бала жынды!» – деп, ортаншы баласына көп айтушы еді. Міне, жігіт боп қалған, өтпелі кезеңдегі ұлының қылықтарына сүйсінген түрі ме, әлде мақтанғаны ма, мүмкін ол кісінің де еркелеткені шығар. Әйтеуір, сол баласына көп шүйлігетін. Аяғы, анасының көзі тиді ме, әлде сөзі тиді ме, сол бала жынмен ауырып тынды. Үй-ішінің әбден берекесі кетіп, үркіп, қорқып, құттары қашты.
Тағы бір, бізге таныс жалғыз ұлы бар (қазір дүниеден өткен) үлкен кісі бар-тын. Дүниеге деген махаббаты, жалғыз ұлы мен одан тараған бес немересінен де артық еді. Баласының да, келінінің де ақшасы, тапқан табыстары сол әкенің билігінде болған. Оның рұқсатынсыз бір тиын жұмсалмайды. Бірде сол ұлы өзді-өз болып, аяқ киім сатып алып, үйге киіп келген. Әкесіне: «Жігіттер алып жатқан соң, мен де алып едім» – деп жөнін айтқаны сол, әкенің жүзі қуарып, бұл ісіне қатты наразылықпен: «сол кебіс саған кебін болсын!» – деп, қарғап жібереді. Шыдамы шегіне жеткен ұлы, бұл жолы қатты ашумен үйден шығып, содан оралмады. Әкесінің қарғысы қалт кетпей, атып ұрды да ұлының сол аяқ киімі соңғы киімі болды расында. Қатты ашумен көлігін ұшырта айдаған ол, ақыры апатқа ұшырап көз жұмды. Бұл менің қиялымның туындысы емес. Болғанның, өткеннің ізінен.
«Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» – деген. Енді байыбына барып, жазылғанның барысына қайта үңілейікші.
Зер салып қарасаңыз, бұрынғы кей қарттардың «тұқымың құрғыры» – өз ұрпағының ұлдарын жұтып, не болмаса «қараң қалғыры» – ұрпағын надандықтың қараңғылығында қалдырған болуы мүмкін.
Жанат Бақыт
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: