Жаңақорған ауданының прокуроры болып кіші әділет кеңесшісі Аянұлы Дабыл тағайындалды.
Аянұлы Дабыл прокуратура органдарындағы қызметін 2012 жылы Бас көлік прокуратурасы Жамбыл көлік прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әрі қарай Жамбыл облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры қызметтерін атқарған.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының арнайы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымын атқарған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 10 жылдан астам.