Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық сақшылар Тәуелсіздік күнін атап өтті

Қызылордалық сақшылар Тәуелсіздік күнін атап өттіСан ғасыр бойы бабалар арманы болған, қолына қару алып, қан төксе де қол жеткізе алмай, атадан балаға аманат етіп қалдырған егемендікке, ел тәуелсіздігіне де, міне 24 жыл толыпты. Сол уақыттан бері еліміз көп қиындықтарды жеңіп, талай асуларды бағындырды, әлемдегі қуатты елдер көшіне қосылып, даму қарқыны өсе түсті. 
Тәуелсіздік күні – республикамыз үшін айтулы күндердің бірі. Бұл ұлық мейрамды еліміздің тәуелсіздік хұқын қорғау мақсатында тер төгіп, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлері де мерекелік көңіл-күймен атап өтті.  Осы орайда, 13 желтоқсан күні Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға ішкі істер саласының 30-ға жуық ардагері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысты. Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының мерекелік құттықтау хаты ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің бірнеше қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен департаменттің қызметкерлері марапатталды.
«Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті». Осы барлығы үшін орны бөлек мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіремін» -деді Ж.Алмағамбетұлы Қызылорда ҚІІБ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы. 
Шара барысында «Біз мәңгілік ел боламыз!»  атты республикалық патриоттық әндер байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, көрермен көзайымына бөленген Шынар Мырзалиева марапатталды. 10 желтоқсанда Астана қаласында өткен байқауда Шынар «Әлия» және «Қазағым» өлеңдерін орындаған болатын.  
Мерекелік іс-шара департамент қызметкерлерінің Тәуелсіздік күніне арналған концертіне жалғасып, шара соңында ардагерлерге арналып мерекелік дастарқан жайылды.  


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: