Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұлт жоспары жайында ой бөлісті

Ұлт жоспары жайында ой бөлісті«Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалында Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының «Біртектілік және бірлік» атты 4-шi реформасын жүзеге асыру барысында алқалы жиын өтті. 
Ұлт Жоспарын талқылаған басқосуға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының басшылығы, зиялы қауым өкiлдерi мен үкiметтiк емес ұйым жетекшiлерi, жастар орталығының өкілдері қатысты. Жиынды «Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдаберген Жоланов жүргiзді. 
Осы жиынға арнайы келген Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы орталығы хатшылығының бас инспекторы Айгүл Сағымбай, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов Ұлт Жоспарының 4-шi реформасына қатысты баяндама жасады.
- «Мәңгiлiк ел», «Үлкен ел - үлкен отбасы», «Менiң елiм» патриоттық жобаларын жүзеге асыру - елдiң ынтымағын нығайтып, Отанға деген сүйiспеншiлiгiн арттырады. Елбасының Ұлы Жобасы – «Мәңгілік елдің» құжаты. 100 қадам – Елбасының 100 шешімі. «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасы мен Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын iлгерiлету жұмыстары қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдарының, идеология саласы өкiлдерiнiң ерен еңбегiн қажет етедi, - дедi А.Сағымбай.
Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов Елбасы ұсынған реформаның төртiншi қадамында «Бірлік пен Біртектілікті» бағытының жүзеге асырылу жолдарын атап, сан алуан ұлт және конфессия өкілдері мекен ететін біздің еліміз әр түрлі ұлт пен дін өкілдерінің тығыз өзара әрекеттесуінің мол тәжірибесіне ие екендігін айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: