Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арақ таба алмаған қарағандылық келіншек сәбиін 500 теңге сатпақ болды

Арақ таба алмаған қарағандылық келіншек сәбиін 500 теңге сатпақ болдыҚарағанды тұрғыны емшектегі баласын саудаға салған. Келіншек 3 айлық нәрестені қала базарына шығарып, 500 теңгеге сатпақ болған жерінде ұсталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Жезқазғаннан Қарағандыға қаңғырып келген 30 жастағы келіншек ішкіліктен енді ғана есін жинады.  Осыдан бірер сағат бұрын ол қала базарының ортасында бөтелкелес досымен бірлесіп, өз нәрестесін саудаға салыпты.
Алғашында бағасын 100 мың теңгеге қойып, алушы табылмағасын 500 теңгеге алуын сұрап саудагерлерге қолқа салған.
Бассыздыққа шыдамай тәртіп сақшыларын шақырған да солар екен. Бірақ, полиция бөліміне келіп есін жиған келіншек істегенін мойындаған жоқ.
Ал 3 айлық Томирис нәр татпай, суықта ұзақ жүріп қалса керек әбден әлсіреген. Денсаулығы дімкәс нәресте бірден ауруханаға жөнелтілді. Шешесін көру көрмеуді енді сот шешетін болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: