Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша өңірлік кеңес отырысы өтті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен инвестор тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша өңірлік Кеңес отырысы өтті.

«Үкімет пен әкімдер үшін инвестицияларды тарту, және қазақстандық тауарларды, қызметтерді экспортқа шығару негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Міндеттерді орындау үшін облыс көлемінде іске асырылатын инвестициялық жобалар маңызды рөл атқаруда. Сондықтан, жобаларды іске асыруда туындаған мәселелерді қарау, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін тиімді шешімдер қабылдау мақсатында тоқсан сайын Кеңес өткізіп тұрамыз. Бүгінгі кеңес отырысында 4 инвестициялық жобаны қарайтын боламыз», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Кеңесте бірінші «Арал Сода» серіктестігінің «Кальциленген сода зауыты құрылысы» жобасы қаралды.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және инвестиция көрсеткішін жоғарылатуға ықпал жасайтын ірі жобамыздың бірі - кальциленген сода зауыты. Жоба іске қосылғанда импорталмастыруға өз ықпалын тигізеді. 
«Кальциленген сода зауыты құрылысы» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Арал Сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Санжар Оспанкұлов баяндады.
Зауаттың қуаттылығы жылына 300 мың тонна құрап, 1000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Инвестиция көлемі 93.5 млрд.теңге. Кальциленген сода зауытының құрылысына 100 гектар, қоймасына 501 гектар жер учаскесі бөлінген. Жоба республикалық индустрияландыру картасына 2016 жылы енгізілген және 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев пен «Арал Сода» ЖШС директоры Санжар Оспанқұловқа бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін зауыт құрылысын бастап, бөлінген қаржының мақсатты, сапалы әрі мерзімінде игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеевке теміржол тұйығын, электрмен және газбен жабдықтау желілерін салу салу үшін мердігер компанияларды анықтауды жүктеді.
Ал, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Примбетов пен Арал ауданының әкімдігі Мұхтар Оразбаевқа бірлесіп, жыл соңына дейін темір жол тұйығы құрылысының басталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
Кеңесте көтерілген екінші мәселе «Сыр Маржаны» серіктестігінің «Мал сою пунктін жаңғырту және ет комбинатын салу» жобасы. Жоба туралы «Сыр маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Өтеев Мнажаддин баяндама жасады.
Комбинат жылына 5 мың. тонна өнім шығарап, 20 астам тұрғын жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Жобаның құны 832,5 млн.теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде 15 га жер учаскесі бөлінді. 2019 жылдың мамыр айында ет комбинатының іргетасы қаланды. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары су құбыры желілерін жүргізуге бюджеттен 49,5 млн.теңге бөлінді және құрылыс аяқталды. Бұдан басқа, 13,8 млн теңге сомасына электр желілерін салуға бюджеттік өтінім берілді.
Аймақ басшысы облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысы Шахмардан Қойшыбаевқа бөлінген қаржының мақсатты, сапалы әрі мерзімінде игерілуін қамтамасыз етуді және облыстық энергетика, тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Руслан Нұрмағамбетовке заңдылықтарға сәйкес инфрақұрылымын дамыту мүмкіндігін қарастыруды жүктеді.
Үшінші және төртінші мәселелер «Қызылорда композиттік материал зауыты» серіктестігінің шыны талшық шығару және «Orda Tex» серіктестігінің малдың жүнін өңдеу жобалары бойынша қаралды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндау үшін сөз аталған серіктестіктердің құрылтайшысы Қайрат Боранбаевқа берілді.
«Қызылорда композиттік материал зауыты» серіктестігінің шыны талшық шығару жобасының құны 519 млн. теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 3 мың. тонна құрап, 160 адам жұмыспен қамтылатын болады. 
Ал, «Orda Tex» серіктестігінің малдың жүнін өңдеу жобасының құны 100 млн. теңге. Жоба "Байқоңыр" ӘКК-мен бірлесіп жүзеге асырылады және 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта жоба басшысы өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін екі жобаның құжаттар пакетін дайындауда.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы Ринат Сұлтангереевке мәселені жобалар бастамашысымен бірлесіп пысықтауды, ал, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшысына Ерлан Нұрланбаевқа жоба бастамашысымен бірлесіп, шыны талшықты өндіретін «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» жобасын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Мұнамен қоса, Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев пен Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевқа екі апталық мерзімде жыл сайын жинақталатын шикізат, яғни мал жүні көлемін анықтау жөнінде тапсырма берді.






Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: