Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Қызылорда облысында есірткі сату дерегі бойынша күдікке ілінген ерлі-зайыпты ұсталды. 


Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арал ауданы Аманөткел ауылында отбасылық жұп есірткі затын сатумен айналысып жүргені анықталып, ұсталды. 
Тексеру барысында тұрғылықты үй ішінен заңсыз иемденіп, сату мақсатында сақтап отырған жеті әртүрлі көлемдегі бөлек-бөлек пакетке салынған есірткі заты табылды.  Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 2 келіден астам кептірілген марихуана, одан бөлек салмағы 26 грамм гашиш есірткі заты тәркіленді. 
Күдіктілер Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: