Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖАЛБЫЗ ДӘМІНЕН КӘМПИТ ШЫҒАРДЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖАЛБЫЗ ДӘМІНЕН КӘМПИТ ШЫҒАРДЫ

 

Астанада өткен «Қазақстанда жасалған» республикалық көрмесінде қазалылық кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов өз өнімдерін таныстырды. 
Әйгілі «Қазалы кәмпиттері» өзінің ерекше дәмімен астаналық тұрғындарды тәнті етті. Жалбыз дәмімен конфет шығарудың ежелгі үрдісін кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов 2012 жылы Даму Қорының «Шағын қалалар» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізу арқылы жалғастырып келеді. Қазалы конфеттері өзінің тиімді бағасымен халықтың көңілінен шығып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі таңда шағын цех тәулігіне 500 келіге дейін жалбыз дәмімен мұз кәмпиттер шығарады және мекемеде 20-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: