Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сот төрағасы ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісін қабылдады

Сот төрағасы ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісін қабылдадыҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметтік іссапармен БҰҰ ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісі И.Урумова сот төрағасы А.Әбудің қабылдауында болды.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау, пробация, балаларға қатысты сот төрелігінде халықаралық стандарттарға сай арнайы әлеуметтік көмек көрсету және оны дамыту мәселелері, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқару барысында туындаған мәселелер кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның балалар қорының халықаралық кеңесшісі И.Урумова Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұмысымен танысты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: