Қызылордада коронавирус инфекциясымен анықталған 13 науқас тіркелді
Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясымен анықталған 13 науқас тіркелді. Қазіргі кезде індет жұқтырғандар 245 жетті.
Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
"Бүгін коронавирус инфекциясымен 13 адам анықталды. Оның 2-уі Қызылорда қаласы, 2-уі Арал, 2-уі Қазалы, 2-уі Шиелі, 3-уі Жаңақорған, 2-уі Қармашы ауданынан. Бұл анықталған азаматтардың барлығы Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін облысымыздың тұрғындары. Бүгінгі таңда барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты",- деді Наурызбай Байқадамов.