Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сот жасауылдарының кәсіби даярлығын тексеру мақсатында сынақ алынды

Сот жасауылдарының кәсіби даярлығын тексеру мақсатында сынақ алындыҚызылорда облыстық сотының бекітілген іс шара жоспарын орындау мақсатында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарының сот жасауылдарының кәсіби даярлығын тексеру үшін 100 метрге жүгіру, турникке тартылу, қолды бүгіп жазудан сынақ алынды. Бұл жайында облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот жасауылы Исахаева Аружан жүгіруден үздік деп танылды. Бүгінде елімізде әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әр түрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін көрсетіп келеді.
Ал, турникке тартылудан мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот жасауылы Абдреев Азамат, Жалағаш аудандық сотының  сот жасауылы Қоңырбаев Жеңісбек алға шықты. Байқоныр қалалық сотының сот жасауылы Мыңжасарұлы Асылбек, Қармақшы аудандық сотының сот жасауылы Жұмалиев Данияр қолды бүгіп жазудан үздік деп танылды.
Мұнан соң, сот жасауылдарының интеллектуалдық қабілеттілігі тексеріліп, олардан тест алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: