Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ІРІ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ІРІ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫШиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы ірі 10 кәсіпорындар, мекемелер арасында аудан әкімі мен тиісті кәсіпорын басшылары меморандумға қол қойды. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Жалпы Шиелі ауданында бекітілген шараларға сәйкес, үздіксіз жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәсіпорындар мен мекемелерде өткен жылы бірде бір қызметкерлерді қысқарту фактілері орын алған жоқ.
«Қазіргі таңда орын алып отырған әлемдік қаржы дағдарысы барлық мемлекеттердің экономикасына салқынын тигізуде. Әлемдегі ең ірі, алпауыт елдердің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастап кешіп, жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда. Осы жолда Елбасы Н. Назарбаевтың жүргізген сындарлы саясатымен дағдарысты еңсеру бағытында көптеген шаралар атқарылуда» дейді сала мамандары.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: