Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл кәсіпкері бағдарлама игілігін көрді

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылының тұрғыны Эльмира Аяпбергенова өз наубайханасын ашты.
Ол үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалынан 6 % жеңілдікпен 5 млн теңге несие рәсімдеді. Оған наубайханаға қажет құрал-жабдықтарды сатып алған болатын.
Қазіргі уақытта наубайхананы толық іске қосып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп отыр. Ауылда 1500-ден астам адам тұрады. Қазірдің өзінде кәсіпкер ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен толық қамтамасыз ете бастады.
Айта кетейік, Қор арқылы несие алып, ауылды жерлерден кәсіптің кез-келген түрін ашып, айналысуға болады. Қазіргі уақытта несиеге өтінім қабылдау жалғасуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: