Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАСТҮБЕКТЕ КӘСІПКЕР МЕКТЕП САЛЫП БЕРДІ

ТАСТҮБЕКТЕ КӘСІПКЕР МЕКТЕП САЛЫП БЕРДІ

 

Арал ауданы Тастүбек ауылындағы жаңа бастауыш мектеп филиалының салтанатты түрде ашылып, кішкентай балдырғандар көптен күткен жаңа мектебінің табалдырығын аттады.
Жаңа ұядай ғана мектептің ашылуына жергілікті кәсіпкер, «Бақыт» шару қожалынының басшысы Ерхатов Аманбай Елеуұлы мұрындық болып отыр. Бұған дейін ауылдағы №58 мектептің бастауыш сынып филиалы апатты жағдайда еді. Бүгінде кәсіпкердің демеушілігімен жаңа білім нысаны бой көтеріп, ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі А.Мұхимов арнайы қатысты. 
Өз кезегінде сөз алған А.Ерхатов болса «Бұрынғы ғимараттың жағдайын көріп, ауыл балаларына жаңа ғимарат салып беруді қолға алдық. Енді балалардың жаңа мектеп қабырғасында жаңаша білім нәрімен сусындап, заман талабына сай терең білім алуларыңа тілектеспін!», - деп, аудан әкіміне осы айтулы күні арнайы келгені үшін алғысын білдірді.
Мұнан соң білімпаз оқушылар ел ағаларына алғысын білдіріп жыр шумақтарын арнады. Сыңғырлаған қоңырау соғылып, 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер аудан басшысының сыйын қабыл алды. 
Салтанатты шарадан кейін А.Мұхимов кәсіпкердің шаруа қожалығына бас сұқты. Айта кетейік, 2012 жылдан бері балықты аулаумен және сатылымға жөнелтумен айналысып келген кәсіпкер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Мұнда күнделікті 5 тонна балық ауланса, балықты сақтауға арналған арнайы мұздатқыш 65 тонна балықты сақтай алуға қауқарлы екен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: