Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен айыпталған Е.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Қылмыстық істің мәні бойынша, сотталушы Е. 2014 жылдың желтоқсан айының 9 күні Арал қаласының оңтүстік бетіндегі №1 Арал сервистік балық дайындау зауытының артында «Мазда-626» маркалы автокөлігінің артқы орындығында отырған жәбірленуші Ш.-ның спирт ішімдігін ішкен мас күйін пайдаланып, оның екі қолын қайырып, пальтосының оң жақ қалтасында тұрған 20 000 теңге ақшасын тонап алып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, бөтен мүлікті ашық ұрлаған.
Сотта сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.