Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің барлық азаматтық қорғаныс қызметкерлері жұмылдырылып, 6 ақпанда тұрғын секторда «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» шарасы өткізілді.
«Өрт қауіпсіздігі сенбілігін» өткізу кезінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, жылыту пешін және газ қондырғысын пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша аула аралау, жиналыс, жиын және нұсқама тарату жұмыстары жүргізілді.
Аралау барысында барлығы 41 қызметкер жұмылдырылды, 28 көшенің 2014 тұрғын үйі араланып, 4567 тұрғынға, 6125 үнпарақ қағаздары таратылды.