Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА МАЛ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛМАҚ

АРАЛДА МАЛ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛМАҚХалықтың басты тіршілік көзі – мал шаруашылығы саласында малдың генофондын сақтай отырып, мал басы мен одан алынатын өнімдердің елеулі өсуі көңілге қуаныш ұялатады.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 3,3 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде 2,4 мың тонна ет, 6,0 мың тонна сүт алынып отыр.
Елімізде бүгінде бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмай, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағыт алған кезеңде кәсіппен айналысам деушілерге барлық мүмкіндіктер жасалған: қаржылық, ақпараттық-кеңестік қолдау жұмыстары жолға қойылған. Сондықтан, қазіргі таңда мал өнімдерін, балық өнімдерін өңдеу, ұқсату, басты міндет болып отыр. Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, өткізуді жолға қоюға аудан мүмкіндіктері әлде қайда зор. Жүнді түтіп, иіріп, тоқу, тігін цехтарын ашу, тері өңдеу, сүт және сүт өнімдерін өңдеу, жергілікті қымыз, шұбат өнімдерін ыдысқа құйып сату жұмыстары қолға алынуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: