Биыл Арал ауданы бойынша 61508 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп межеленіп отыр.
Соның ішінде 46319 гектар италияндық прусқа, 15108 гектар азиялық шегірткеге қарсы жұмыстар жасалады. Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 40010 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жер агрегатымен 5410 гектар, әуе ұшағымен 34600 гектар.
Атап айтсақ, ауылдық округтер бойынша Аралқұм 2750, Жіңішкеқұм 2600, Қарақұм 1600, Октябрь 4020, Сазды 16500, Сапақ 12540 гектар жер өңделді. Химиялық өңдеу жұмыстарын екі УАЗ автокөлігі мирон агрегетымен және бір дельтоплан атқаруда.