Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ИНСТАГРАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАУЫНА АЛАДЫ

ИНСТАГРАМДАҒЫ САУДА-САТТЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАУЫНА АЛАДЫ

 

Қазақстанда интернет-сауданы реттеу жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті жұмыс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіндегі даму және модернизациялау департаментінің директоры Ержан Біржанов журналистерге өзгерістердің жақын арада басталатынын айтты.
«Интернеттегі сауданы заң аясында бақылау -  басты мақсаттардың бірі. Интернеттегі сауданың қарқыны күшейіп келеді, сондықтан, яғни, бәсеке дұрыс болмай бара жатқандықтан, оны бақылау қажет. Мысалы, бір кәсіпкер сауда алаңын жалға алады, адал еңбек етіп, чек береді, салығын төлесе, ал екінші біреулер Instagram арқылы сауда  жасайды, салық төлемейді. Жаңа өзгерістердің бүге-шүгесіне дейін алдын ала айтпай-ақ қояйын, бірақ, интернеттегі сауданың кейбір категорияларына қатысты жұмыс басталды»,-дейді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Е.Біржанов.
Қазір осы мәселеге қатысты құрылған жұмыс тобы интернеттегі сауданы жан-жақты қарап жатыр екен. Жұмыс тобы бірқатар заңнамалық актілерге интернеттегі саудаға қатысты көп өзгерістер енгізу керек деген ойды алға тартып отыр. Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2013 жылы электронды коммерцияға мемлекеттік реттеу керектігін айтқан еді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: