Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қарттарымыз бата емес,тілек айтып жүр...

Қарттарымыз бата емес,тілек айтып жүр...Біздің қазақтың салт-дәстүрі,әдеп-ғұрпы,таным тағылымы,барша әлемге аян.Қазақ,қазақ болғалы ежелден келе жатқан дәстүріміздің ешбірі де өз құндылығын жоғалтқан емес.
Қайсібірін алып қарасаңызда өздік философияға, терең мағынаға ие. «Батаменен ел –көгереді,жаңбырменен жер –көгереді »-дейді халық даналығы. Тарихымыздың әрісіне көз жүгіртсек қанды шайқастар,солақай саясақа қарсы шапқан батырларымыздың ерлігін айқын аңғара аламыз.Шақшақұлы Жәнібек,Шапырашты Наурызбай,Қаракерей Қабанбай,Жанқожа батыр т.б ержүрек бабаларымыз жетерлік.Дегенмен осы батырларымыздың қайсысы болмасын жауға шабарда ел билеген,сөзіне тұтас ел тоқтаған би шешендерімізден бата алып отырған.Қошқарұлы Жәнібек – Төледен,Сырым Датұлы-Малайсары биден бата алған.Демек бұл бата беру қазақ қоғамына маңызды рөл атқарғанын көреміз. Сейтен Сауытбековтың еңбегінде бата беру өмірдегі болатын жағдайларға байланысты «Дастархан батасы» «Көш- қон батасы» «Жас жұбайларға» «Соғым» және «Сәбилерге» берілетін бата деп бөлген екен.Бата беру орнына қарай бата да әр түрлі.Мысалы : көш-қон батасы. 
Көштерің көлікті болсын !
Жолдарың көрікті болсын !
Қоныстарың құтты болсы !
Босағасы мықты болсын !
Ауру сырқаудан аман болсын !
Бастарыңа баянды бақ қонсын !
Мейірбанды Хақ, сендерге жақ болсын ! –деп бата берген.
Жоғарда айтылған мәселе қазіргі таңда өз деңгейінде сақталып жүр ме ? Дәлірек айтқанда тойдың соңында қарай дастарханның батасын алуға үлкендерге қарап қол жаямыз.Алайда жасы үлкен болса да бата беруден қашатын қарияларымыз көбейіп кеткен секілді.Дастарханның төрінде отырып біріне бірі сілтейді.Ол ол ма қалың бұқара қол жайып бата сұрағанда абдырап қалған қарияларымызды да көзіміз көріп жүр.Сондағы айтқан батасы : «Екі жас бақытты болсын,Құдалар аман болайық,сіз біздесіп жүре берейік,сыйластығымыз арта берсін»- деп батаның соңын тілекке айналдырып жібереді.Бұл сорақылық мұнымен бітсін бе, ащы суға сылқиа тойып алған «батагөйлеріміз» «сол үшін алып қояйық» дегенін де құлағымыз шалып қалды.Кешегі кеңес үкіметінің кезі емес,тәуелсіздігімізді алдық емес пе ? Ол уақыттағыдай біздің ментальитетімізге тұсау салып жатқан ешкім жоқ.Емін-еркін сал-жоралғымызды жасай алатын халдеміз. «Аттан құлағанмен,салттан құламайтын» қазақпыз ғой .Ақыл сұрап бата алуға көне көз қарттарымыздың алдына барсақ,әлгіндегідей бата естісек бұл қай сасқанымыз.Алынғы буын қалай жүрсе кейінгі ұрпақта соған қарай ыңғайлана бастайды.Құндылығымызды біртіндеп жоғалта бастадық па деген ой көңілге еріксіз кірбің ұялата береді.
Осы күнге дейін сақталған асыл қасиеттерімізді сөндіріп алмайық.Кезін де бір философ « адам ақ парақ секілді,не жазсаң соны көресің » деп ой түйген екен.Сол сияқты жастарда қандай тағылым алады,олардан да кейінгі ұрпаққа солай жететіні түсінікті. Төле бидің жастарға берген батасы :
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол !
Бір елді атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала
Өзіңе кәміл бол.
Халқыңы әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңы адал бол !-деген екен. Бата жаттай жүрейік құрметті оқырман !
Қозы Көрпеш Жасаралұлы
ҚМУ студент
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: