Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БЛОГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БЛОГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов  ауданға ат басын бұрған бір топ блогерді қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, елімізге ғана емес, әлемге танымал Аралдың жай-күйі, өткені мен бүгіні сөз болды.
Басқосуда туристік орталыққа айналған Қамбаш көлін дамыту бағыттары кеңінен талқыланып, блогерлер көкейдегі сұрақтарын қойды, пікірлерін ортаға салды. Еркін форматта өткен кездесуде Аралдың киелі топырағынан шыққан тумалар жайы да назардан тыс қалған жоқ. Айта кетейік, кездесуден кейін қонақтар «Балықшылар» мұражайына барды. Блогтур одан ары Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы мұражайға жалғасып, блогерлер Арал ауданына сапарын Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» зауытымен аяқтады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: