Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Түн ішінде танысының мазасын алды

Түн ішінде танысының мазасын алдыҚармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігімен сотталушы А.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 
Сотталушы А.К., тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс түнгі уақытта жәбірленуші Т.Б.-ның тұрғылықты үй жайына күштеп бұзып кіріп, тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзған.
ҚР ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігімен айыпталған А.К. осы Кодекстің 68-бабының 1 бөлігіне сай (татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты қылмыстық іс қысқартылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: