ЭКОНОМИКАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ДАМУ ЖОЛЫ - ӘЛЕМДІК ЖОЛ!
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Сәбит Ибадулла мәлімдеді.
– Бүгінгі таңда, заманауи технологиялар қарқынды дамуда. Қызылорда өңірі цифрлық технологияларды медицина, құрылыс, білім беру, қызмет көрсету секілді салаларда кеңінен қолдануда. Мәселен, алдағы уақытта Автобус Паркі GPS трэкерді пайдаланбақ. Бұл мүмкіндік арқылы кез келген қала тұрғыны транспорттың аялдамаға дейінгі қашықтығын бақылай алады.
Сонымен қатар, шыны зауыты автоматтандырылған өндіріс процесі арқылы өнімін шығарады. Қызылорда облыстық әкімшілігіндегі ситуациялық орталық арқылы аймақтағы барлық мәліметтер онлайн түрде тіркеліп, мобильді түрде тиісті жұмыстар жасалынады.
Қорқыт Ата университетінің E-univer білім беру порталы арқылы оқу үдерісі автоматтандырылған. Университеттің IT мамандары жасаған бағдарламалары білім беру мекемелерінде еңгізілген. Робототехника бойынша «Ақтөс» роботы Жапония еліндегі роботтар сайысына қатысып, қазылар алқасының арнайы назарына ілікті.
Облыс әкімінің бастамасымен Қызылорда облысында аймақтық алғашқы Smart City концепциясы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аймақтың сол жағалауында ІТ мамандар мен өндіріс орындарының жұмыстарын біріктіру мақсатында ІТ кварталы салынып, 2018 жылдың 2-ші жартысында іске қосылу бағытында жұмыстар жүргізуді бастады.
Мен ғылыми бағытымдағы қойылған мәселер мен шешімдер Елбасы Жолдауының негізгі міндеттеріне енгеніне қуаныштымын. Экономиканың ақпараттық технология арқылы даму жолы - әлемдік жол! Осы әлемдік жолға қадам бастыруға арналған бұл жолдаудың орны мен үшін ерекше, – деді Сәбит Ибадулла.