Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік рәміздер заңнамалары неге бұзылды?

Қазақстан Республикасының Кониституциясының 34-бабының 2-тармағына сәйкес, әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі  Мемлекеттік рәміздер заңнама талаптарын бұзғандар жазасыз қалмады
Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Облыстық прокуратура органдарымен 2014 жылдың өткен мерзімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексерулер мен жасалған талдаулардың нәтижесінде 24 мемлекеттік мекемелерде заңдылықтың бұзылу деректері анықталған.
Нәтижесімен 2 ұйғарым, 4 заң түсіндіру, 20 ұсыныс енгізіліп, қаралу қорытындысымен 25 қызметкер, оның ішінде 9-ы мекеме басшылары тәртіптік жауаптылықтарға тартылып, заң бұзушылықтар жойылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 354-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау  екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 317-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау –
бір мыңнан екi мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2015 жылдың  1 қаңтарында күшіне енетін жаңа Қылмыстық кодекстің 372-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау-екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: