Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫҚазалы теміржол ауруханасы толықтай жаңа медициналық құралдармен жабдықталды. Жаңа құрылғылар эндоскопия, биохимия, аудиометрия зерттеулерін және басқасын жүргізуге мүмкіндік береді. Аурухана жұмысымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев танысты.
Теміржол ауруханасы жергілікті ауданның тұрғындарына және Қазалы, Арал, Қармақшы аудандарында тұратын теміржолшыларға, олардың жанұяларына, теміржолшы зейнеткерлерге көпсалалы мамандандырылған, алғашқы медико-санитарлық, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді. Мұнда кәсіби деңгейі жоғары дәрігерлер жұмыс жасайды. Өткен жылы 2385 емделушіге қызмет көрсетілді. 
– Осы құрылғылардың арқасында өт қалтасына және кистомаға, аппендицитке лапароскопиялық жолмен, компьютерлік томограф, УДТ және «С-дуга» рентгендиагностикалық кешені көмегімен оталар жасау енгізілді, барлық клиникалық биохимиялық сараптамалар анализаторларда жасалады. Сондай-ақ реанимациялық бөлімшеде шұғыл науқастарға қысқа мерзімде диагноз қою мен оларды уақытылы емдеуге мүмкіндік туды, - дейді аурухананың бас дәрігері Құбыл Ршымбетов.
Айта кетейік, биылдан бастап ауруханада нейроинсульттік және оңалту бөлімшесі ашылмақ. Қазірдің өзінде нейроинсульттік науқастарды дер кезінде қабылдап, жедел медициналық көмек көрсету үшін тиісті құрал-жабдықтар мен құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, тасымалдауға арналған арбалармен және лифтімен толық жабдықталған. Үлкен және кіші операциялық залдар тәулік бойы нейрохирургиялық операциялар жасау үшін дайындалып, арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Реанимациялық-анестезиологиялық бөлімше 6 төсекке кеңейтіліп, осы заманғы қондырғылармен жабдықталған нейрохирургиялық операциялардан кейінгі 4 төсектік палата ашылды. 
Аурухана дәріханасы барлық қажетті құралдармен жабдықталған, 39 түрлі дәрі-дәрмек пен керекті сұйықтықтарды әзірлеуге қол жеткізілді, сонымен қатар, тамшылар, жақпа майлар, ішуге арналған сұйық дәрілерді әзірлейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: