ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қала әкімінің өкімімен 2018 жылдың 17 мамырынан бастап, қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы тағайындалды.
Алмасбек Әбілқасымұлы, 1982 жылдың 8 қаңтарында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2005 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінде «Қаржы және несие»;
2009 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика саласында құқықтық реттеу» мамандықтары бойынша білім алған;
2013 жылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі және АҚШ-тың Каролина штатының ДЮК университетінде «Саясаттану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2006 - 2007 жылдары қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы, жетекші маманы;
2007 – 2008 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің жетекші, бас маманы;
2008 – 2012 жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, бөлім басшысы;
2012 – 2014 жылдары Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі;
2014 – 2015 жылдары Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы; 2015 жылдан осы кезге дейін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.