Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Bek Air ұшағы апаты: әйелді денесімен жауып қалған жігіттің әңгімесі


Гүлім Әкішеваның отбасы - Алматы маңында Bek Air ұшағымен болған апатта аман қалған. Оның туысы Әсем Жәпішева Facebook желісіндегі парақшасында ұшақтағы жолаушы Темірлан Қадауовтың жанкешті әрекеттері туралы жазған, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі.
Гүлім Әкішева мен Темірлан Қадауов ұшақта көрші отырған. Әйелдің құрсағында 5 айлық бала бар екен.
"Біздің батырымыз Темірлан өзінің денесімен Гүлімді жауып қалып, апаттан кейін оған ұшақтан шығуға көмектесіп, қауіпсіз жерге апарды, қалған жолаушыларға да көмектесе бастады. Темірлан - жарақатына қарамастан, өзінің батыл әрі батыр кейпінде қалып, нағыз ер адамның үлгісін көрсетті. Біз, Гүлімнің туған-туыстары Темірланға және оның ата-анасына алғысымызды білдіргіміз келеді", - дейді Гүлім Әкішеваның жақындары.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: