ГЕРМАНИЯДА ЖАҢБЫР СУЫНАН ӘУЕН ОЙНАЙТЫН ҮЙ БАР (СУРЕТ, ВИДЕО)
Германияның Дрезден қаласында ерекше үй бар. Онда жаңбырлы күндерде әдемі әуен ойнайтын ерекшелігімен елдің көзіне түседі.
Бұл үй Нойштадт ауданында орын тепкен. Сырттан көрген адам сан алуан кейіпте жасалған құбырларды түсіне қоймауы мүмкін. Алайда, онда жаңбыр жауғанда әдемі әуен ойнап, елдің назарын өзіне аударады.
Бұл жобаны сәулетші Аннет Поль жасап шығарған. Сондай-ақ, оған Кристофом Росснер және Андре Темпел сынды дизайнерлер қол ұшын созды.