Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Заңсыз қару сақтаудың 3 дерегін анықталды

Қызылордалық полицейлер демалыс күндері рейдтік шаралар барысында заңсыз қару сақтаудың 3 дерегін анықтады.
Мәселен, 14 тамызда Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзенінің жанында ІІО-да тіркелмеген, 16 калибрлі екі ұңғылы аңшылық мылтығын алып жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатқан.
Осы тектес деректер Арал, Жалағаш аудандарында тіркелді.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: