Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

 

Арал ауданында биыл үшінші жыл қатарынан мұғалімдер арасында пәндік олимпиада ұйымдастырылғалы отыр. 
Бұған дейін мұғалімдер арасындағы олимпиада математика, тарих пәндерінен өтсе, биыл жаратылыстану бағытына басымдық беру мақсатында биология пәнінен өткізілетін болды. Айта кетейік, олимпиада ұйымдастырылған алғашқы екі жылда сайыс жеңімпаздарына жеңіл автокөлік берілген болатын.
Тәуелсіздің 25 жылдығына орай өткізілетін биология пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасы туралы ережемен аудан әкімдігінің ресми сайтынан танысуға әбден болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: