Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал аудандық "Толқын" газетіне 85 жыл толды

Арал аудандық "Толқын" газетіне 85 жыл толдыБүгін, 10 қарашада Арал аудандық «Толқын» газетінің құрылғанына 85 жыл толды. Мерейтой қарсаңында аудан әкімі Абзал Мұхимов газет ұжымына арнап жиын өткізді. 
Жиында газет ұжымын құттықтап сөз алған Абзал Сансызбайұлы: «85 жыл ішінде халық пен биліктің арасына алтын көпір бола білген аудандық «Толқын» газеті тарихтан ойып тұрып орын алды. Қоғамдағы маңызды мәселелерді қарапайым халық санасына көркем сөз, парасатты пайымымен жеткізе білген сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Сіздер өздеріңіздің осы саланың маманы екендіктеріңізді халық алдында дәлелдеп келесіздер. Оның бір айғағы Арал ауданындағы әрбір үйден табылатын «Толқын» газеті аралдықтардың үнжариясы», - деп газет ұжымының қызметіне жоғары бағасын берді. Және «Толқын» газетінің журналистері мен ардагер тілшілерін алғыс хаттармен марапаттады. Басқосу кеші әрі қарай әуезді әнмен айшықталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: