Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында жолдар мен көпірлер жөнделеді

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетовты қабылдап, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды талқылады.
Басқарма басшысы кездесуде 2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 14 658,2 млн. теңге бөлініп, осы қаражатқа өңірде 284 км автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізу жоспарланғандығын жеткізді. 
-Республикалық бюджеттен 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы 5 786,0 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 216 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлануда. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы С. Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі ұзындығы 4 км магистралды көшенің құрылысын аяқтауға 294,1 млн. теңге, сол жағалаудағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін бойлай салынатын С.Бейбарыс көпіріне дейінгі магистралды көше құрылысына 1 145,5 млн. теңге, Қызылорда қаласындағы саяжай ауданының солжағалау бөлігінде магистралды көше құрылысын бастау 356 млн. теңге бағытталды, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов.
Ал, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 29 жобаға 852,4 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржыға Қазалы ауданының Әйтеке би кенті, Қармақшы ауданының Төретам кенті, Сырдария ауданының Тереңөзек кенті мен Жалағаш ауданының Таң ауылының көшелері реттелмек. 
Сонымен қатар, «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 351,0 млн. теңге қаржыға Арал және Қазалы қалаларының көшелері қайта жаңғыртылады.
Мұнан бөлек, облыстық бюджеттен 145 млн. теңге бөлініп, облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы 5 апаттық жағдайдағы көпірге және Қазалы ауданындағы Қарлан учаскесінде Сырдария өзені арқылы көпір салуға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. 
Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына жоспардағы жұмыстардың ауқымдылын айтып, көпірлер мен жол құрылыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуын қатаң тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: