Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Салтанат қой шаруашылығымен айналысады

Қазіргі уақытта қой шаруашылығымен айналысатын қожалықтар көбейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, мал басын арттырып отырған шаруашылықтар Қызылорда облысында да жетерлік.
Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылының тұрғыны Әділбекова Салтанат та қой шаруашылығымен айналысады. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда облысындағы Қызылорда филиалынан 2 млн 600 мың теңге несие рәсімдеп, 62 бас қой сатып алды. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның шаруашылықтарға тиімді екенін айтады.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: