Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әмреев ауданның тау беткейіндегі Қосүйеңкі, Қыраш, Ақүйік және Кейден ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Жаңақорғандық Нұрбол Бәкіровтің айтуынша, онда білім беру және мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің жай-күйіне зер салды. Сондай-ақ, Қыраш ауылдық округіндегі "Әжібек" алма бағын аралап, аудан басшысы алдағы уақытта ауылдық округтерде жеміс-жидек бауларын көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар, жастар бөліміне барлық ауылдық округтер бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға қабілеті бар жастардың базасын құруды тапсырды. Жақын арада осы жастармен бірге үлкен жоба құру жоспарланып отырғанын жеткізді. Алдағы айда кәсіпкерлікті дамыту бағытында жақсы тың жобаларды бекітілмек. Алдағы көктем мезгілінде аудан басшылығы сол жобаларды жастармен бірге жүзеге асырмақ.