Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫҚР Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел, Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті.
Құмжиек ауылдық округі, Қ.Пірімов ауылында болған есепті кездесуде алдымен учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.Теміров округ бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. 
Мұнан соң ауыл көлемінде атқарылған іргелі істерді ауыл әкімі Б.Баймаханов жеткізді. Өткен жылы ауылдың 216 тұрғын үйіне сервистік ауыз су желісін жүргізуге 79,4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар толығымен атқарылған.
Ал кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Н.Шамұратов әлеуметтік-экономикалық дамудың жекелеген көрсеткіштері бойынша өсуге қол жеткізгенін атап көрсетті. 
Ауданның даму деңгейі мен алдағы жоспарланған жұмыстарды тыңдаған ауыл тұрғындары қос әкімнің де есебіне көңілі толатындықтарын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: