Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданына сапары барысында Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында болды. 
Онда Қармақшы ауданының мектеп бітіруші түлектерімен және ұстаздар қауымымен кездесті. Кездесу барысында аудандық білім мекемелеріндегі жағдаймен және Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Дүйсенбаев баяндады. Сондай-ақ кездесуде аймақ басшысы бітіруші түлектерге мамандық таңдауда қателеспей, жоғары көрсеткішке қол жеткізулеріне тілектестігін білдіріп, - ұстаздарың берген білімді ертеңгі сында жан-жақты терең көрсете білу де өнер. Олардың еңбегін зая кетірмеу үшін өз қабілет-қарымдарыңызды толық көрсету үшін, ең бастысы қобалжымау керек, ұстамдылық пен байыптылықты бойларыңызға серік қылсаңыздар бәрі жақсы болады. Өмірде сынақ көп, ҰБТ-ны да сондай кезекті сынақтардың бірі деп қабылдаңыздар. Адам қай жерде де алдымен тек өзіне сенуі керек. Сендерге де сондай сенімділік тілеймін, - деді. 
Биыл Қармақшы ауданы бойынша 28 білім шаңырағынан 594 шәкірт үлкен өмірге жолдама алмақ. Олардың 454-і 76,4%-ы ҰБТ-ге қатысу үшін өтініш берді. 43 оқушы «Алтын белгіге» 11 оқушы үздік аттестатқа үміткер деп ұсынылуда. Тест орталықтары Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицей базасындағы №73, және Ақай ауылындағы №99 орта мектеп базасында №155 филиалы орналасқан. ҰБТ Ережесіне сәйкес 50 шақырымнан жоғары қашықтықтан келетін және 50 шақырымға дейінгі қашықтықтан келетін 53 бітірушіге 2 және 4 мезгіл тамақтану, тасымалдау және жатын орны үшін жергілікті бюджеттен 636,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: