Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ЖОЛ ЖӨНДЕУГЕ МӘН БЕРІЛДІ

 

Биыл Аралдың инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға байланысты жұмыстар қарқын алып, зор көңіл бөлінуде.
Соның айғағы, «2016 жылы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Арал қаласындағы Қызылорда, Панфилов, Т. Есетов, М. Мақатаев, Бақтыбай батыр, Әбілхайыр хан, Достық, Үмбет би, Жетес би көшелерінің автомобиль жолын орташа жөндеу және аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай», «Арал-Аэропорт-Жалаңаш» автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу, яғни асфальттау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаздар анықталып, кейбір мердігерлер жұмыстарын бастап кетті.
Жақында Арал қаласындағы Қызылорда, Панфилов, Бақтыбай батыр және Әбілхайыр көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, жұмысшы топ «Достық» көшесінің астыңғы қабат жұмыстарын толықтай аяқтап, асфальттің беткі қабатын төсеуге кірісіп кетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: