Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сапалы білім – бала болашағы

2024 жыл басында облыс әкімі, облыс прокуроры, полиция департаментімен «Білім беру ұйымдарының заңдылықты сақтауы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі» үш жақты «Жол картасы» бекітілді.

Осымен қатар, «2024-2025 жылдарға арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейб темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» әзірленді. Білім беру ұйымдарында аталған жоспарларға сәйкес мақсатты шаралар қабылдануда.
Жыл басынан бері жауапты органдармен қатар, ата-аналар тартылып, құқық бұзушылықтың алдын алу «Түнгі қаладағы балалар» рейді күшейтілді. Есепті мерзімде өткізілген 584 рейдке 15 675 адам қатысты.  
Балалар бойында жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сананы жетілдіру мақсатында «Армандар орындалады» жобасы жүзеге асырылып, білім алушылар мен ата-аналарға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді және психолог кеңестері өтті.
Оқушылар мен зиялы қауым өкілдерінің, аймаққа белгілі белсенді жастардың кездесулері ұйымдастырылуда. Кездесулер барысында ашық микрафон, жеке қабылдаулар өткізіліп, оқушыларды толғандырып жүрген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Өмірдің қиын жағдайында қалған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету және психолог мамандарға әдістемелік-сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл «Психологиялық қолдау орталығы» ашылды. Қазіргі таңда орталықта 22 маман жұмыс жасауда.
Алғашқылардың бірі болып облыстық білім басқармасы республикалық «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми-практикалық институтымен бірлесіп, «Менің бауырым» еріктілер жобасын бастады. 
Жобаның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының құқықтарын қорғау және сүйемелдеу арқылы оларға қолайлы, жан-жақты дамытатын білім беру ортасын құруға ықпал ету.
2023-2024 оқу жылынан бастап Оқу-ағарту министрлігімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда.
Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде спорттың 11 түрінен «Ұлттық мектеп лигасы» ұйымдастырылды. Лигаға 120 мың оқушы қамтылды.
Биыл алғаш рет облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты - оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың интеллектісін дамыту, оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнату. Жоба аясында 130 мың оқушы қамтылатын болады.
Қазіргі ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған  дәуірде мұғалім үшін мүмкіндіктер мен басымдықтар, жасанды интеллект балалардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. 
Технологияның дамуына қарай оқытуда оқушының қабілетін, қажеттілігін, жеке ерекшелігін ескеруді ұмытпауымыз керек. 
Балалардың болашағын, олардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, адам мен компьютердің артықшылықтарын біріктіру арқылы білім беруді тиімді етіп, ал мұғалімнің жұмысын шығармашылыққа айналдыруға болады. 
Өңірімізде білім беру саласын цифрландыру және интерактивтік технологияларды оқу процесіне енгізу бағытында бірқатар шаралар атқарылуда.
Цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдануды жалғастыру, қолда бар ресурстар мен инфрақұрылым мүмкіндіктерін кеңейту арқылы сапалы білімді қамтамасыз ету қажеттілігі еселей түсуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 75 % құрауы тиіс. 
Осы бағытта облыстық бюджеттен 120 млн.тг. қаржы бөлініп 87 мектепке аппараттық бағдарламалық кешен орнатылуда. 
Бүгінде «Kundelik» электронды журнал ақпараттық жүйесіне барлық мектеп қосылған. 
Жүйеде 23 893 педагог, барлық оқушы, 114 мыңнан аса ата-ана тіркеліп жұмыс жасайды. 
Өткен оқу жылының қорытындысымен аймағымыз Күнделік.кз электронды журналы жүйесін қолдану рейтингісі бойынша республикада ІІІ орынды иеленді. 
Мектептің сапалы оқу-әдістемелік ресурстары, цифрлық контенттер және дамыған материалдық-техникалық база білім беру процесін жетілдірудің маңызды аспектілерінің бірі.  
Қазіргі таңда мектептерде 865 жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын кабинет болса, биыл 56 жаңа пәндік кабинет сатып алуға 496 млн 871 мың тг. қаржы бөлінді. 
60 мектеп СТЕМ кабинеттерімен қамтамасыз етілген. 
Аймақ басшысының қолдауымен мектептер 484 интерактивті панель, 14 мектеп ЛЕД-экрандармен жабдықталды. 
Бастауыш сынып және ерекше қажеттілігі бар балалар үшін   17 интерактивті логопедтік құрылғылар орнатылуда.
Сонымен қатар, 6 IT-мектеп-лицейге жасанды интеллект элементтерін тереңірек меңгерту үшін адамтәрізді роботтар алынды.
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2024 жылы 3 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталуда. 
Білім берудің цифрлық трансформациясы – бұл тек компьютерлік сыныптар құру және интернетке қосылу ғана емес, сонымен қатар, оқу мақсаттары мен білім беру нәтижелерін нақтылау, «цифрлық мектеп» жұмысының жаңа үлгілерін қалыптастыру және тарату болып есептеледі. 
Білім саласында ақпараттық коммуникациялық технологиялық сауаттылық қоғамдағы қарым-қатынаста табысты қызмет көрсету және ақпарат алмасу үшін маңызды. 
Жоғарыда баяндалған цифрлық ресурстарды білім беру процесінде тиімді қолданып, оқу сапасын арттыру білім беру ұйым басшыларының негізгі міндеті. Бұл ретте, ұйым басшысы мамандығының информатик болуы шарт емес. 
Өңірдегі мектеп басшыларының 79 –ның білімі жаратылыстану-математикалық бағытта. Білімі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы басшыларда заман талабынан қалыс қалмауы қажет. Себебі, цифрландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан әрбір игілікті істің нәтижесін оқушылар айқын сезінуі керек.  
Осы уақытқа дейін облыс бойынша «IT-балабақша», «Бағдарламалау мектебі», «IT-аймақ-орда», «Балалар технопарктері» жобалары жүзеге асырылған болатын. 
Бұл ерте жастан бастап, цифрлық технологиялар мен білім беру ресурстарын меңгертуді қамтамасыз ету, балабақшадан бастап – мектеп – қосымша білім беру ұйымдарында IT- білім берудегі сабақтастық үлгісін қалыптастыру бағытында жасалып жатқан шаралар көрінісі. 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Астана HUB» халықаралық «IT-стартаптар технопаркі» корпоративтік қорымен бірлесіп, мектеп оқушыларына бағдарламалау негіздерін оқыту онлайн - білім беру платформасына пилоттық режимде 21 мектеп қатысуда. 
Пилоттық мектеп педагогтары «Жасанды интеллект» және «Gime development» бағыттарында 15 шілдеден бастап 6 айлық курстан өтуде. 
Жасанды интеллект бағытымен - 11, «Gime development» бағыты бойынша 10 педагог қатысуда. 
Арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтер 2025 жылдың қаңтар айынан бастап оқушыларды бағыттар бойынша оқытуды бастайтын болады.
2022 жылы өткізілген Пиза халықаралық зерттеуінің қорытындысымен облыс көрсеткіші математикалық сауаттылық бойынша республикалық деңгейден жоғары болды.
Оқушылар жетістігі бойынша: 2023 жылы 2 445 жүлдегер шықты. 2023 жылы өткізілген білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі бойынша 4 - сынып оқушыларымыз аймақтар арасында 16,51 балмен 11 орында болса,                               9 - сынып 39,85 балмен 4 орында.
Жаңа оқу жылында нәтижені жақсартуға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Өткен жылғы пәндік олимпиада қорытындысымен республикада облыс жаратылыстану-математикалық бағытта «Ең үздік командалық ІІ орын», қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ІІІ орында.
Биыл алғаш рет өткізілген ауыл мектебі оқушыларының республикалық олимпиадасында 26 оқушы жаратылыстану бағыты бойынша, 18 оқушы қоғамдық жүлдегер атанып, жаратылыстану-математикалық бағытында облыстың командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясын иеленді, мұнымен қоса 3 оқушы білім грантының иегерлері атанды.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатысқан – 6 252 түлектің 4 752 немесе 76,1 пайызы мемлекеттік грант иеленді. 
Мамандықтар бойынша: Педагогикалық бағытта – 1 651, медицинада – 460, техникалық бағытқа – 1 322, ауыл шаруашылығы саласына – 344, басқа да мамандықтар бойынша – 975 түлек.
Оқу жылының қорытындысымен «Алтын белгі» белгісін алған түлектердің 222 - і яғни 43,7 %-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданды. Жыл сайын үлгерімі жақсы түлектеріміздің педагог болуға талаптануы құптарлық жағдай. 
Жоғары оқу орындарына түрлі деңгейдегі гранттарға оқуға қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін жүргізілетінін ескерсек, грант иемденген түлектер саны артатын болады.
Білім беру саласындағы ұлттық саясат - білім берудің сапасын бағалау халықаралық және ішкі зерттеулердің нәтижесімен жүзеге асырылады.
Өткен оқу жылында мектептердің негізгі бағыттары бойынша рейтинг жасалды. 
275 жалпы орта білім беретін мектептер бойынша: жоғары деңгейге – 30, орта деңгейлі – 129, төмен деңгейде – 116 мектеп қалыптастырылды.
Рейтингте – білім сапасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы, оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба, спорттық сайыстардағы нәтижелері, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тіркелуі, педагогтардың кәсіби байқаулар мен сайыстардағы жетістіктері сарапталды. Рейтинг жыл сайын қалыптастырылатын болады.
7 міндет 45 тармақтан тұратын әрбір мектеп дамуының нысаналы индикаторлары жасақталды. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан білім сапасын арттыру мақсатында «мақсатты мектептерді» дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Біздің аймақтан І кезекте – 71, ІІ кезекте – 40, барлығы – 111 мектепке нысаналы көмек көрсетілетін болады. 
Әрбір білім беру ұйымына жауапты әдіскер бекітіліп, педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан өтуі, оны сүйемелдеу, білім сапасына мониторинг жүргізу тұрақты бақыланады. 
Мақсатты мектептермен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру білім басқармасының жаңа оқу жылындағы басты міндеті. Жұмыс тиімділігі мектептердің қол жеткізген нәтижесімен бағаланады.
Биыл алғаш рет «Бір мектеп - бір жоба» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Барлық кезең бойынша – 224 немесе 75,4 пайыз мектеп директорлары қатысты.
Мектептердің даму бағдарламалары әзірленді. Профильді дамыту бағытында пәндер бойынша «Тірек мектептер» желісін қалыптастыру жалғасуда. 
2024 жылы жаңадан «Тіл білімі мектебі», «Инженерлік мектеп» (робототехника, 3 Д модельдеу, СТЕМ), «БИО-ГУМ» табиғи тыңайтқыштарды әзірлеу» жобаларын жүзеге асырамыз.
Ауылдық елдімекендерде білім сапасын, ұйымдар арасындағы байланысты арттыру мақсатында аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласында 8 білім округі құрылды.
Аймақтағы 677 мектепке дейінгі ұйымда 49 880 бала тәрбиеленуде. 2 - 6 жас аралығындағы баланың қамтылуы – 90,2 %, 3 - 6 жас  – 100 % құрайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептегі бастауыш сыныптар үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектепте «Біз мектепке барамыз» бірінші сыныпқа бейімдеу жөніндегі ортақ бағдарламасы әзірленді.
Мемлекеттік 160 балабақшада «Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер» ашылды. Баласы балабақшаға бармайтын ата-аналарға кеңес беру, ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, кері байланыс жасалуда.
Осы ретте, жаңа оқу жылының негізгі ерекшеліктерінде балалар, ата-аналар, және айналасындағылармен қарым-қатынас жасауда педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтау, зорлық - зомбылықтың, буллингтің және балалардың құқықтарын бұзудың кез келген түрін болдырмау мақсатындағы жұмыстар күшейтілетін болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: