Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 12 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Қызылордада 12 тұрғын үйдің құрылысы басталдыБүгін Қызылорда қаласында он екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысып, құрылыстың алғашқы іргетасын қалады. 
Жаңа баспаналар Шұғыла ықшам ауданы Шүкіров көшесі бойынан және «СПМК-70» тұрғын ауданында бой көтереді. Шүкіров көшесі бойындағы бес қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысын осы жылы аяқтау жоспарлануда. Жалпы ауданы 13 500 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйде 230 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Сондай-ақ, СПМК-70 тұрғын ауданында бір 40 пәтерлі, үш 50 пәтерлі және үш 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды. Тұрғын үйлерді 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 
Бұдан соң облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев «Арай» ықшам ауданында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Қазір құрылыс алаңында 300-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. 280 пәтерлі тұрғын үй қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Желтоқсан көшесінде салынып жатқан жалпы ауданы 4000 шаршы метрді құрайтын 70 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен де танысты. 
Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда облысында «Қолжетімді баспана» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламалары аясында 38 мың шаршы метрді құрайтын 466 пәтерді пайдалануға берілген болатын. Ал биыл жыл соңына дейін облыста республикалық, жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттарға және «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық Ұйымы» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры есебінен 180 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын 2700-ден астам пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 4 есеге артық.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: