Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КЕШЕНДІ ЖОСПАР АЯСЫНДА КӨП АДАМ ЖҰМЫС ТАБАДЫ

 

Биыл аймақта «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға 4,1 млрд. теңге бөлінді.
Бағдарламаға қатысушы ретінде енгізілген 7067 тұрғынның 6868-і (92,7 пайызы) жұмыссыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандары 199 адам. Бағдарламаға қатысуға ниеттілердің ішінде жастар қарасы қалың. Осы бағыттағы жүйелі іс арқасында 5631 адам қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты қатысушылар техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етіледі.
Осыған орай қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді. Оларға 1044 жұмыссыз бен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды.
Биыл облыс халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспар жоспар аясында 32884 жан жұмысқа тартылатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: