Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында Нашақорлық және есірткі бизнесіне Халықаралық күрес күніне арналған "Нашақорлық - қылмыс бастауы" атты дәріс беру сағаты өткізілді.
Шараға аудандық емхананың фелдшер-наркологы Д.Абдуллаева, Н.Байсалов, жастар денсаулығы орталығының мейірбикесі Б.Кадирова және Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің студенттері мен өндірістік оқыту шебері Н.Мұхамбетов қатысты. Мақсаты: Есірткі жарқын болашағыңның жарығын өшіру үшін жолыңа құрылған тор, бір шырмалған жанның одан құтылуы оңайға соқпайды. Сондықтан жастарды өмірге байыппен қарап, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.