Шиеліде өрттің көпшілігі тұрғын үйлерде орын алған
Шиелі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 2015 жылдың қазіргі уақытқа дейінгі қорытынды есебі бойынша ауданда 10 өрт оқиғасы тіркелген. Оның басым көпшілігі, яғни, 7 өрт оқиғасы жеке тұрғын үйлерде орын алған.
Сондықтан тұрғын үй иелеріне көптеген материалдық шығындар келуде. Ал, өрт оқиғасының ең басты тұтатқыштары, тұрғын үй иелерінің қарапайым өрт қауіпсіздігінің ереже-талаптарын сақтамауы жəне тұрғын үй ауласындағы үйден шыққан қоқыс, ауладағы шабылмаған қураған шөптер, балалардың отпен ойнауы – осының бəрі өртке себеп болып отыр.
Қазіргі таңда жаз маусымында өз жерімізде ауа температурасы 40- 45 0 С-ге дейін ысып, оттың тез тұтануына өз ықпалын тигізіп тұр. Осыған байланысты өз тұрғын үйлеріңізде, аулаларыңызда сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысымен бекітілген «Өрт қауiпсiздiгi қағидалары» бойынша саяжай кооперативтерiн, бау-бақша серiктестiктерiн, ауылдық елдi мекендердiң аумақтарын ұстау тəртiбi көрсетілген.