Қазалы ауданының халқы Жаңа жылды қарсы алу үшін орталық алаңға жиналып, қуаныштарымен бөлісті. Мерейлі мерекеге орай тұрғындар мен қонақтардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қазалылықтарды мерекемен құттықтап, өткен 2015 жыл ауданымыз бен еліміз үшін жарқын істер мен оқиғаларға, жетістіктер мен үлкен табыстарға толы болғандығын жеткізді. Және жаңа 2016 жыл да ауданымыз үшін табысқа толы, мерекелі-берекелі жыл болады деген сенім білдірді.
Жаңа жылдық бағдарлама барысында өнерпаздар түрлі ұлт өкілдерінің әнін шырқап, биін биледі. Балдырғандар үшін ертегілер ізімен көріністер де қойылды. Жаңа жылдық кеште аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтары үлестірілді.