Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарды заңсыз сақтаған

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарды заңсыз сақтағанСотталушы Н.Н.  өзінің мекен-жайында марихуана есірткі затын заңсыз сақтап, бір сіріңке қорабын 1000 теңгеден аудан тұрғындарына сатумен айналысқан. 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, аудандық ІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында сотталушының үйін тінту кезінде сотталушының тұрғын үйінен, үстіне киген киімдерінен, жем сақтайтын сарайынан, гараж ішіндегі мұздатқыштан жасыл түсті, ерекше иісі бар, шөп ұнтақтары аса ірі мөлшердегі марихуана есірткі заттары анықталып, айғақты зат ретінде алынған.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 23 шілде күнгі үкімімен Н.Н. Қазақстан Республикасы ҚК-тің 297 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: